23 Октябрь
04:58
Астана: -7 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
18 шілде 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматы көшелеріндегі атыс (Оқиға желісі, ФОТО, ВИДЕО)




Қаскөйлер Алматы қаласының бірнеше көшесінде ойран салған.  Куәгерлердің хабарлауынша, Николь базары, Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында, Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі аумағында атыстар естілген. Белгісіз адам көшеде автоматпен жүгіріп жүріп оқ атқан. Алмалы АІІД-ге шабуыл жасалған. Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары және жедел жәрдем машиналары жүр. Төрт адам қаза тапқан. Оның үшеуі полиция қызметкері.  Қазір Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы аумағы қоршауға алынды. Күдіктілердің бірінің ұсталғаны хабарлануда. 
Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылып, қалада террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды.

Ал қалалық ІІД Алматы қаласы аумағында терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. «Осыған байланысты, тұрғындардың өз баспанасынан алыс кетпеуін, қоғамдық орындардан аулақ болуын сұраймыз. Барлық күдікті тұлғалар жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар және тәртіп сақшылары мен арнайы орган жұмысына түсіністікпен қараңыздар.
Жедел жағдай өзгерістері туралы халық толық ақпарат алатын болады», - деп жазылған ІІД хабарламасында.
















 
нравится:    1625
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии