15 Декабрь
16:22
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
26 мамыр 17:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматы маңындағы туристер баруы тиіс 7 мекен
Алматы маңында әр турист баруы тиіс 7 мекен бар. Алматыға бара қалсаңыз біле жүру үшін соларды назарларыңызға ұсынамыз

Шарын шатқалы


 
Шарын шатқалы - тарихы 12 млн жылдан асатын мекен. Гранд шатқалы деп аталатын мұндай ғажайып тек АҚШ-та ғана бар. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді.
 
Үлкен Алматы өзені


 
Теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы - 96 км. Су жиналатын ауданы - 425 км2. Биік тау бөлігінде өзен арнасы тік, шатқалды, ені 5,0 - 7,0 м, тереңдігі 0,5 - 0,6 м, төменгі ағасында ені 8 м, тереңдігі 0,5 м. Жылдық орташа су ағымы Терісбұлақ сағасында секундына 5,0 м3-ге жуық. Мұздық, көп жылдық қар, жауын-шашын суымен толығады. Сел қаупі өте күшті өзендердің бірі. 1921 және 1950 жылы жойқын сел жүрді. Сел қаупіне қарсы осы өзен арнасы басып өтетін Үлкен Алматы көліне бөгет салынған. Қала ішіндегі арнасы бетондалған, Сайран демалыс бөгені жасалған. Өзенде сел қоймасымен 40-метрлiк темiрбетонды бөгет құрастырылған. Үлкен Алматы бойында бірнеше СЭС, санаторийлер, оқушылар демалатын лагерьлер бар.
 
 Шонжы қайнарлары


 
Шонжы емдік қайнарлары Іле өзенінің бойында орналасқан. Оның суының емдік қасиеті бар. Минералды сулары көптеген аурулардан айығуға көмектеседі.
 
Көлсай көлдері


 
Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған 3 көл. Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м. биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалында жатыр.
 
Қайыңды көлі


 
Қайыңды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. Теңіз деңгейінен 1,86 мың метр биіктікте жатыр.
 
«Әнші» құмдар


 
Алтын Емел ұлттық саябағының аумағында ерекше «ән салатын» құмдар бар.
Ең үлкенінің ұзындығы 3 метр, биіктігі 150 метр. Тау тастың арасында орналасқаннан кейін ерекше дауыстар шығады.
 
Асы үстірті


 

Асы үстірті Түрген шатқалымен тығыз байланысты. Ықылым замандарда осы щатқалмен күні бүгінге дейін сақталған ежелгі керуен жолы өткен. Ол Сөгеті мен Жалаңаш аңғарларына, ары қарай Қытайға я Ыстықкөлге апаратын қысқа жолдардың бірі болған.

Асы үстірті теңіз деңгейінен 2100 метрден 2800 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Ол батыстан шығысқа қарай көлбей бағытталған. Үстірттің ені батысында 9 км-ге дейін жетеді, шығысында - 1,5 км. Асы үстіртінен өзімен аттас өзен ағады, оның арнасы солтүстікке бұрылып, Боқандытау тауларын айналып, Іле өзеніне құйылады.
Солтүстіктен қырат ұзына бойы Қараш жотасы мен Боқандытау тауларымен шектеседі, батысында оны Сарытау (Н-3339) жотасында Қарақыз (Н-3454) тауынан басталып, Қараш жотасындағы тауға дейін қырқалар шектейді.
 
Дереккөзca-news.org
нравится:    319
Теги: Менің Қазақстаным, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии