22 Октябрь
06:38
Астана: -2 °C
Алматы: 7 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
1 шілде 14:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматы – Тегеран әуе рейсі ашылды

Бүгін еліміздегі ең ірі әуе тасымалдаушы компания Алматыдан Иран астанасына  тұңғыш әуе рейсін ашты.  Бұл  екі ел Президенттерінің мемлекетаралық экономикалық қатынасын дамыту жөніндегі  келісім нәтижесінде іске асты. Алматыдан  Тегеранға 2,5  сағатта жететін рейс аптасына 3 рет қатынайды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларын құраған. Енді жаңа әуе рейсінің ашылуымен екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы жылына 7 мың адамға жетеді деген болжам бар. Қазіргі кезде елімізден Иранға баратын жолаушылардың 60 пайызы туристер, қалғаны кәсіпкерлер. Алдағы уақытта екі  мемлекет арасындағы  барыс-келіс визасыз болуы мүмкін.   
 Махмуд АСАДИ, ИРАННЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ КОНСУЛЫ:    Бүгінде Иранға виза алу қиын емес. Біз оны барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз, қазір күніне 15-20 виза рәсімдейміз.  Болашақта Иранға визасыз қатынау мәселесі қарастырылып жатыр. Ол үшін Қазақстанмен екі жақты  келісім болу  керек.Бұл біздің елдердің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. 

Дереккөз: Kazakh-tv.kz 
нравится:    524
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии