19 Август
13:05
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
25 қыркүйек 11:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматы Түркиямен туризм саласында ынтымақтастығын нығайта түспек
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түркия мемлекетінің қаладағы бас консулы Рыза қаған Йылмазды қабылдады.



Екіжақты кездесуде Бауыржан Байбек екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, Түркияның
Алматы экономикасындағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Түркия Алматыда ғана емес, Қазақстандағы инвестициялық салымдардың көлемі бойынша негізгі орындарға ие.
«Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру қаланы дамытудың басты мақсаттарының бірі. Алматы республика ЖІӨ-нің 20%-ын береді. Алматы кәсіпкерлері салық түсімдерінің 70%-ын қамтамасыз етіп отыр», - деді Б.Байбек.
Түркия өкілі екі ел арасындағы түрлі саладағы байланысты тілге тиек етті.
Тараптар білім беру, экономика, сауда саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 
нравится:    974
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии