18 Август
14:39
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Авто
6 тамыз 11:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда 3 адамды төбесіне мінгізіп алып жүрген көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)
Алматы полициясы 3 жігітті төбесіне шығарып алып жылдамдықпен жүрген көлік иесіне қатысты әкімшілік іс қозғады. 
Айта кетейік, видео кеше Youtube желісінде пайда болған. Медеу шатқалында белгісіз үш жігіт жүріп келе жатқан Honda көлігінің үстінде тікесінен тік тұрған. Бейнероликте көліктің мемлекеттік номері анық көрініп тұр. 


Қалалық полиция аталған роликтің кейіпкерлерін ҚР ӘҚК 593-бабының 1-тармағына сәйкес жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Іс сотқа жіберіледі. 

«Үш ер адам «Honda-ның» үстіне шығып алып, өзге жол қозғалысының қатысушыларының өміріне қауіп төндірді. Жолда мұндай есерсоқтық жасауға болмайды. Жедел іздестіру шараларының арқасында жүргізушінің кім екендігі анықталды. 1993 жылғы азамат Алмалы ауданының тұрғыны болып шықты», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, ереже бұзған адамға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.



Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    1076
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии