20 Август
02:38
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
31 тамыз 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Алматыда бала күтуші баланы аяусыз соққыға жыққан

 
Алматыда қатты соққыға жығылған Мансұр есімді бір жарым жастағы баланың анасы болған жайға бала күтушіні айыптап отыр. Бала үш күн бойы ес-түссіз күйде жатып, екі отаны бастан өткерген. Баланың жағдайы ауыр. Ауыр халде жатқанына үш апта болған. Ал баласының соққыға жығылғанын Жұлдыз Құтжанова дәрігерлерден естіген.
 
Жұлдыз Құтжанова, Мансұрдың анасы:
 
Ұйыған қанды алды. Бірақ мидың жартысына қан толған. Ол үш күн ес-түссіз жатты. Екінші ота жасап, сүйекті алды. Уақыт өте келе ол есін жиса орнына салады. Бірақ бала соққыға жығылған. Денесі көкпеңбек. Оны қараған жалғыз адам - бала бағушы. 
Қазір Мансұрдың денесінің сол жағы қозғалыссыз. Бір көзі толықтай ашылмаған. Бала күтуші Жұлдыздың бұрынғы танысы. Екеуі автокөлік жуатын жерде танысып, кейін бірге бөлме жалдап тұра бастайды. Жұлдыз екінші жұмысқа орналасып, баланы Толқынға қалдырған.
 
Жұлдыз Құтжанова, Мансұрдың анасы:
 
-  Толқын балама бір айдан астам уақыт қарады. Екі-үш күннен артық уақыт келмеген кезім болған емес. Мен екі тәулік жұмыс істеймін. Толқын үнемі менің келмеуімді өтінетін. Келсем бала жылайды дейтін.
 
Көршілер жедел жәрдемнің баланы Толқынның бөлмесінен алып шыққанын айтуда.  
 
Бүгін де еріктілер зардап шеккен бала мен анасына қажетті киім-кешек пен азық-түлік әкелуде.
 
Бұл іске заңгерлер де тартылған.
 
Әлия Омарова, Жұлдыз Құтжанованың заңгері: 
 
- Қылмыстық іс қозғады ма жоқ па бізге белгісіз. Баланың анасынан сотқа дейінгі тергеу материалының нөмірін жасырып отыр. Бала күтуші ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Денсаулыққа ауыр зиян келтірген. Ең алдымен бала күтушіге шара қолдану қажет. Содан кейін Жұлдыздың ата-аналық міндетін орындаған, орындамағаны туралы мәселені шешу керек.
 
Бірінші қыркүйекте Жұлдыз Құтжанованы баласымен ауруханадан шығаруы тиіс. Екі аптадан кейін басқа ауруханаға жатқызбақ. Балаға алда қанша ота жасалатынын дәрігерлердің өзі айта алмай отыр.
 
Дереккөз: КТК
 
нравится:    1787
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии