16 Декабрь
19:07
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
27 қазан 11:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда балалы әйелді көлік қағып кетті (видео)
Алматыда баласын жетектеген әйелді көлік қағып кетті. Алайда аталған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ана мен бала аман қалды.
 
Оқиға Алматы облысының Өтеген батыр кентінің маңында орын алған.
50 жас шамасындағы әйел 7 жасар қыз баланы жетектеп Іле ауданындағы Жансүгіров көшесіндегі жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан. Көліктердің жартысы жол берген соң, кідірместен өтіп бара жатқан екеуін BMW көлігі келіп қағады. Қатты соққыдан екеуі екі жаққа ұшып, тас жолға құлаған. 

Аталған дерек бойынша қазір ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 1994 жылы туған жүргізуші қазір түсініктеме беріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген. Және де жүргізушінің  оқиға кезінде ішімдік ішпегендігі анықталып отыр.



Қазақпарат

нравится:    1413
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии