19 Август
13:17
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
28 сәуір 16:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда белгісіз біреу соғыс ардагерін соққыға жыққан
27 сәуір Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Хохловты белгісіз біреулер соққыға жықты деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.


Оқиғаның мән-жайын 89 жастағы ардагердің немересі Евгения Зуева түсіндірген.
Зуеваның интернетке жүктеген видеосында киімдер салынған қап арқалаған Никита Хохловқа белгісіз біреудің тиіскені байқалады. Ол қарияның қабын тартып алып, ұра бастайды.
Ардагердің қызы Ирина Зуеваның айтуынша, оқиға 23 сәуірде күндіз болған.
“Әкем үйден шығып, киімдерді шеберханаға апарғысы келген. Оның қабында құнды зат болған жоқ. Аяқ киім ғана. Жолда оны ер адам тоқтатады. Видеожазбада ер адамның әкеммен сөйлескені, содан кейін қолындағы қабын тартып алып жатқаны көрінген”, – деді Зуева.
Ардагер қарсы шықпақ болады, бірақ ер адамның соққысынан жерге құлап түседі. Содан соң,  үй тұрғындары жедел жәрдем шақырған.
Соғыс ардагері ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оның жарақатын тігіп берді.



“Оның басы жарақаттанды, қабырғасы зақымданды. Көзі ісінген. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр. Әкем болған оқиғадан әлі абдырап жатыр, ал құлаған сәті есінде жоқ”, – деді Зуева.
Ауруханаға тәртіп сақшылары келіп, осы дерекке сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Дереккөз: ИА "Новости-Казахстан"

 
нравится:    682
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии