16 Декабрь
17:08
Астана: -11 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
23 қазан 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

Алматыда «Бастау» V халықаралық студенттер мен дебюттік фильмдер фестивалі басталды. Бес күнге созылатын байқау барысында қатысушылар өздерінің туындыларын таныстырып, кәсіби киноматографтар мастер-класс ұйымдастыратын болады.

Фестивальдің негізгі мақсаты — жалпы кәсіби деңгейді дамыту, олардың жұмысын қолдау және дамыту, түрлі жанрлардағы кинофильдер жасауға қызығушылықты арттыру.

Биылғы жылы «Бастау» фестивалінің бағдарламасына әлемнің 20-ға жуық елінен келген кино мектептерінің студенттерінің 170-тен астам ойын және деректі туындылары енгізілген.

Осынау байқауда іріктеу сынынан өткен 60 студенттің жұмысы бақ сынайтын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары қысқаметражды фильмдерді 5 күн бойы тегін тамашалай алады. Үздіктерді марапаттау рәсімі 25 қазанда өтпек.

«Биыл «Бастау» фестиваліне 5 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай байқаудың жеңімпаздарына бір миллион теңгеден екі грант берілетін болады. Жеңімпаздар бұл ақшаға ендігі жылы да өтетін осы фестивальге өздерінің туындыларын түсіріп, көпшілікке ұсынуға мүмкіндік береді. Айта кетейін, бұл байқауға өз фильмін түсіруді арман етіп жүрген кинематография саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен қарапайым киноәуесқойлар да қатыса алады», деді байқаудың директоры Сергей Азимов.

Түрлі жанрда сынға түсетін туындыларға Ресей, Германия, Бельгиядан келген режиссерлермен бірге студенттік қазылар алқасы төрелік етеді. Фильмдерді бағалайтын әділ қазылар алқасының құрамына Ресейдің халық әртісі, танымал сценарист Виктор Мережко, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов, германиялық продюссер Анна Вильгельм, Люксембургтен келген танымал режиссер Макс Джейкоб пен Ресейдің танымал актрисасы әрі тележүргізуші Анастасия Макииева бар.

Айта кетейік, байқауға Қазақстанның 18 жас пен 35 жас аралығындағы азаматтары, кинематография саласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен жәй киноәуесқойлар да қатыса алады. Жобалар драматургия, визуалды шеберлік және сценарийдегі көтерілген тақырыптың өзектілігі бойынша бағаланбақ.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    727
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии