12 Декабрь
10:32
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
23 маусым 13:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда кондуктор жолаушыны пышақтаған (ФОТО)


Алматыда кондуктор жолаушыны жұрттың көзінше пышақтап тастаған. Бұл туралы Facebook қолданушысы Shinar Alban хабарлап, өз парақшасында оқиға орнынан жантүршігерлік фотоларды жария етті.

Оның айтуынша, оқиға 22 маусымда кешкі уақытта № 303 автобусында болған. "Қазіргі сəттегі жүрек түршігірлік оқиғаны түсіріп жазбасқа болмады. Арзан сауда орынын алдындағы сəтке куа болдым. 303 маршрутканын кондукторы жолаушының ақшам жоқ деген сөзіне бола пышақтап тастады. Онымен қоймай 6 бала жабылып тепкінін астына алды. Қасиетті рамазан айында бұндай нəрселерді көрем деп ойламаппын. Адамдар 80т үшін бір бірін қырып тастайтындай не болған. Не сұмдық? Қазақшылдығымыз, бауырмашылығымыз қайда кеткен?! Алла Өзін жар бола гөр!!!!", - деп жазды қолданушы (мәтінде автордың стилі сақталды).
















                       © Facebook / Shinar Alban

Оқиға куәгерлері жедел жәрдем және полиция қызметкерлерін шақырған. 

ІІД өкілдері оқиғаны растап отыр. "Екі жолаушы мен кондуктордың арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде кондуктор жолаушылардың бірінің аяғына пышақ жарақатын салған. Жәбірленушіге жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында ем көрсетті, ол ауруханаға бармады. Бұл дерек "Денсаулыққа қасақана орта деңгейде зиян келтiру" бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді. Іс "Бұзақылық" бабына ауыстырылуы да мүмкін. Екі тараптан да қазіргі уақытта жауап алынып жатыр. Қазіргі уаытта кондукторға сотқа дейінгі тергеу кезеңіне бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


 
нравится:    1187
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии