22 Ноябрь
17:01
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
22 маусым 16:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда ресейлік белгілі режиссер Қазақстан туралы фильм түсіруде (ФОТО)
Алматыда ресейлік белгілі режиссер Сергей Шановичтің басшылығымен Қазақстан туралы арнайы жобаның фильмін түсіру жұмыстары жүргізілді.



Түсірілімнің «Жайлауға жылқы айдау» бөлігінің түсірілуіне Қазақ географиялық қоғамы әріптестік танытып, мұрындық болды.

Бұл түсірілім жобасындағы ең маңызды мазмұн жылқының көшпенділер ұғымында тәуелсіздікті, дербестік пен асқақ мұратты бейнелейтіндігін көрсететін сәт еді.

Табиғи экожүйені сақтауға, жерді тоздырмауға айрықша ден қойған байырғы қазақтан ұласып келе жатқан жайлауға көшу дәстүрі қазір де өзектілігін жойған жоқ.







Шанович командасына тіпті Алматы облысы Түрген шатқалындағы жылқы үйірінің көш жолын түсіріп алудың да сәті түсті. Сондай-ақ түсірілім теңіз деңгейінен 2 200 - 2 600 метр биікте жатқан, күзгі бозқырауға дейін жайылым болар шөбі шүйгін, шұрайлы Асы жайлауында жалғасты.





"Фильмнің түсіріліміне бүркітші, садақпен ату шеберлерімен қатар, ежелден бар, ендігі ұмытылып бара жатқан әнді тамақпен айту өнерінің майталмандары “Arkayim” тобының мүшелері: Анар Қасымова мен Абзал Арықбаев та қатысты. ҚазГео еріктілері Балжан Балташева мен Амир Субханбердиннің фотографиялары", деп жазды Қазақ Географиялық Қоғамы өздерінің фэйсбуктегі парақшасында.





















 
нравится:    966
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии