13 Декабрь
05:39
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 15:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда той ақысын төлей алмағаны үшін мейрамхана қожайыны қалыңдықты кепілде ұстаған
Алматыдағы белді мейрамхана қожайыны той ақысын төлей алмағаны үшін қалыңдықты таңға дейін кепілде ұстаған.


Мақсұт (есімі өзгертілген – ред.) Науаи көшесінің бойындағы қымбат дәмханаға несие алып, 150 адамға үйлену тойын жасаған. Дастархан мен қонақ күту құны 2 миллион 150 мың теңге болған. Аталған соманың 70 пайызын жас жұбайлар тойға дейін төлеп, қалған қаражатты қонақтар әкелген сыйлықтан жабамыз деп жоспарлаған.

Алайда сол күні белгісіз себептермен тойға шақырылған қонақтардан 30 адам келмегендіктен, дастархан бос тұрып, түсетін сыйлықтың көлемі де азайған. Осылайша жас жұбайлар мейрамханаға 500 мың теңге қарыз болады. Той аяқталысымен әкімші жас жұбайларға түнделетіп жарты миллион теңге табуды талап еткен.

Тіпті, «ертеңге қалдырмаймын» деген кәсіпкер қалыңдықты ақ көйлегін шешкізбестен таңға дейін кепілде ұстаған. Мақсұт кепілге көлігін де ұсынған алайда, мейрамхана қызметкерлері мен қожайыны бас тартыпты. Осылайша күйеу жігіт түнделетіп, көлігін жарты бағасына сатып, қалыңдығын кепілден шығарып алған.

Есін жиған жас жұбайлар енді бұл істің қылмыс екенін түсініп, мейрамхана қожайынын сотқа бермекші. Той ұйымдастыратын мекеме басшыларының сөзінше отбасылық мерекелерде мұндай жағымсыз жәйттер өте жиі кездеседі.

Барлығында бір мәселе – жас жұбайлар қарыз алып, қауғаланып той жасайды. Кейде есептеген ақшалары жетпейді, не болмаса қарыздарын жаба алмай жүреді. Тіпті, той үстінде қызметшілердің ақысын төлей алмай, қымбат ұялы телефондарын беріп жататын сәттер де болады дейді.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1512
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии