20 Октябрь
00:24
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
31 тамыз 17:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Алматыда тұрғындарды қуған қарулы жігіт ұсталды (ВИДЕО)

 
Полиция қызметкерлері қауіпті бұзақыны бір сағат дегенде қолға түсірген. Куәгерлердің айтуынша, қыстық күрте, қолына қолғап, бетіне маска киген күдікті адам Егізбаев көшесіндегі үйлердің ауласында пайда болған. Қолында екі үлкен пышақ пен травматикалық тапанша болған.
 


Оқиға куәгері Александр Цай:
 
Біз оны ең алдымен үйден көрдік. Оның қолында екі пышақ пен тапанша болды. Ол өз-өзін өлтіргісі келетінін айтып, аулаға шығып кетті. Бірнеше минуттан кейін полиция қызметкерлері келіп, бізге бұл арадан кету керектігін айтты. Біз қаштық. Оқ атқан дауыстар естілді. Полицейлер оны ұстап, көлікпен алып кетті. 



Аулада ойнап жүрген балалар күдіктінің бір адамды жарақаттағанын жеткізген. Бірақ жедел жәрдем қызметкерлері бұл ақпарды растамады.
 
- Бізге қоңырау шалып, көшеде қарулы адамның жүргенін және жарақат алған адамдар бар екенін айтты. Бірақ біз маңайдың барлығын қарадық, жарақаттанғандарды таппадық - дейді мамандар.
 


Дерек көздері жас жігіттің анасымен жанжалдасып, психотропты таблеткаларды көп ішіп қойғанын айтуда.
 
Жігіттің оқиға орнына жеткен әкесі ұлын тыныштандырып, қаруын алып, полиция қызметкерлеріне берілуге көндіріпті.
 
Алматының Бостандық ауданының ІІБ аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
 


Дереккөз: 365info.kz
 
нравится:    914
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии