22 Август
22:48
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Авто
18 тамыз 11:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда жолға таласып, оқ атпақ болған жүргізуші жұртты шошытты (видео)
Алматы көшелерінің бірінде жолға таласып, сөзге келіп қалған жүргізушілер бір-бірін қарумен қорқытқан видео желіге жүктелді деп хабарлайды 31 арна.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!


Елді дүрліктірген бейнежазбада көлік иелерінің дөрекі сөз айтып, кішкентай балаларының көзінше суық қару ұстағандары анық көрінеді.

Видео астындағы пікірлер оқиға Райымбек даңғылының бойында болғанын айтады. Екі көліктің де тізгінінде отбасылы азаматтар.

Бір-біріне жол бермей келе жатқан жүргізушілердің бірі кес-кестей бергенде көліктері соқтығысады. Артынша көлігінен түсіп, қақтығыса жөнеледі.

Видео авторы олардың біріне соққы тиіп, мұрыны сынғанын жеткізіпті. Ал оның әйелі мен баласы дауыс көтеріп жылай бастайды. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полициясы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөзі: 31 арна
нравится:    903
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии