15 Декабрь
10:36
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Авто
18 қаңтар 09:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда жүргізушілердің жаға жыртысуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Алматыда Шолохов көшесі бойында көлік жүргізушілері төбелесті. Бұған Mitsubishu Outlander маркалы автокөлігінің апаттық жағдай туғызып, ZAZ Vida автокөлігінің алдын кесіп өткендігі себеп болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Бұл төбелес сол көліктердің артында келе жатқан машинаның бейнекамерасына жазылды. Көп ұзамай бейнетаспа әлеуметтік желілерде пайда болып, жұрттың сынына қалды.
Онда Mitsubishu көлігінен бір жолаушының түсе салып, ZAZ көлігінің жүргізушісіне жұдырық ала жүгіргені көрсетіледі. Ал Mitsubishu көлігінің әйел жүргізушісі еркектерді ажыратуға тырысады.

Сол арада оған тағы екі әйел көмекке келе қалады. Бірақ, әрі қарайне болғаны белгісіз. Өйткені, бейнежазылым дәл осы сәтте тоқтатылған.





Ооын алған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылы 16 қаңтар күні сағат 13.30-да Түріксіб ауданының Ішкі істер басқармасына 1976 жылы туған азамат келіп, жолда төбелес шығарған адамның үстінен шағымданған. 
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 1 тармағы бойынша (бұзақылық) сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді. Бұл оқиға сағат 13:00 шамасында Шолохов көшесі бойында, Сейфуллин даңғылының шығыс жағына таман жерде болған. Екі автокөлік те батыс бағытта келе жатқан. Бұл жерде қақтығыс жолай келе жатқан көліктің бейнекамерасына жазылып қалған. Бұл бейнетаспа енді тергеу аясында мұқият зерттеледі. Ол сотқа дейінгі тергеу материалдарына қосылды.  
Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - деді осыған орай Түрксіб аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.
Арада көп уақыт өтпей, аудандық ішкі істер басқармасына «Б» есімді азаматтан екінші қайтара арыз келіп түскен. Онда ол үстінен арыз түсірген азаматқа қатысты ешқандай арыз-талабы жоқ екендігін айтқан. Сондай-ақ, арыз беруші сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.  
Соған қарамастан, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 










 
нравится:    688
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии