11 Декабрь
17:12
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
10 маусым 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматыда жынысын ауыстырған полиция қызметкерін жұмыстан шығарды
10 жылға жуық еңбек өтілі бар полиция қызметкері жынысынан ауыстырған соң, қызметінен қуылды. Бұл туралы Время газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.


«Әйел адам жынысын ер адамға ауыстырғаны үшін жұмысынан қуылуын заңсыз деп есептеп, қызметіне қайта оралу үшін қолдан келгенін аяп жатқан жоқ. Алайда, сот оның пайдасынан шешім шығаратын емес», — деп жазады басылым.

Бұрынғы полицейдің айтуынша, басшылық оның қызметін кәсіби түрде атқарғанына мән бермей, жынысын ауыстырғанына ғана назар аударған.

Бұрынғы Вика, ал қазіргі Виктор Алматы қалалық ІІД-де 8 жылын өткізген. Ол жынысын ауыстырған соң ғана, жаны рахатқа бөленгенін айтады. Ота жасатардың алдында ол өз әріптестеріне жынысын ауыстыратыны туралы хабарлаған.

Алайда, Виктор жұмысқа келген бетте, оны басшылық шақырып алып, қызметтен кету туралы арыз жазуын талап еткен. Алғашында қатты қобалжыған ол жұмыстан шығу туралы арызын жазады. Тек, кейін ақылға салған соң ғана, бұл әрекеттің заңсыз екенін есіне алады.

Жауап алу кезінде бұрынғы Викторияның әріптесі одан кәсібилік жөнінен еш сұрақ қоймай, негізінен операцияның қалай өткенін, жыныс мүшесінің көлемін сұраумен ғана шектелген. Осыдан соң, Викторды полицияда қызмет етуге жарамсыз деп таныды.
нравится:    1786
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии