20 Сентябрь
00:43
Астана: 10 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Әлем жаңалықтары
28 қыркүйек 17:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Алматыдағы Жұлдыздар аллеясында Сағи Әшімовтің құрметіне жұлдыз ашылды (ФОТО)

 
Бұл жаңалықпен Бағдат Әшімова өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Жұлдыздар аллеясындағы жұлдыздың ашылу салтанатына марқұм Сағидың әкесі Асанәлі Әшімов, ұлы Аңсар, қызы Майра мен күйеу баласы Халид қатысқан.  




 
Оқырманның есіне салайық, қыркүйектің 10-ы күні әйгілі актер Асанәлі Әшімовтің құрметіне осы аллеяда жұлдыз орнатылған болатын. Оның ашылу салтанатына Ашылу салтанатына “Қазақфильм” киностудиясының басшысы Бақыт Қайырбеков, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл, Қазақстанның халық әртісі, “Қазақконцерт” басшысы Алтынбек Қоразбаевтар қатысқан.
 


Сонда ағынан жарылған Асанәлі ағамыз: “Барлығыңызға рахмет айтамын. Мұндай жұлдызды ашу мен үшін сәл ыңғайсыз дүние, әйтседе Голливуд үлгісі бойынша бұл тамаша бастама. Қазақстанда ұлы адамдар көп, олардың біразы өмірден өтіп кетті. Көзі тірілердің арасынан Олжас Сүлейменовты бөле-жара айтқым келеді. Халықтың даңқты ұлының жұлдызы да осы аллеяда “жануы” тиіс деп ойлаймын. Бұл мен үшін тарихи әрі толқынысқа толы күн. Қадыр Мырзәлиев айтқандай адамға өмірден өткен соң емес, көзі тірі кезінде құрмет көрсетілуі тиіс. Осы шараны ұйымдастырушылардың барлығына ерекше алғыс айтамын” – деген еді.
 
Асанәлі Әшімовтың жұлдызы мәрмәр ұнтақ, жез материалдарынан дайындалған. Оның көлемі 60*60 см.
нравится:    700
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии