19 Октябрь
00:41
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
20 маусым 16:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алматылық азамат қаланың қақ ортасында киіз үйде тұруға бел байлады


Алматылықтар  бір азаматтың баспана мәселесін осылайша шешкеніне сенімді. Себебі, киіз үй  көпқабатты тұрғын үйдің ортақ ауласындағы есігінің алдына қойылған,-деп жазады stan.kz.

Мұны көргендердің таң қалғаны соншалық сырын білмекке үңіліп,  ZTB сайтының желідегі парақшасына жүктеген. Сондай-ақ, киіз үйдің не себепті қойылғанын білетіндер болса жауап қатуын сұраған.
«Қазіргідей ұшып тұрған пайыздық өлшеммен үй алып, оны құтыла алмай әуреленгенше уақытша осындай  баспананы паналаған дұрыс» деген желі қолданушыларының бірі.
Тағы бір желі қолданушысы мұны жұрт ойлағаннан да қайғылы мәселе болуы мүмкін деп жорыды: біреу қайтыс болған болуы мүмкін.
«Көпшілік дұрыс түсіне бермейді. Көпқабатты үйде адам қайтыс болған кезде  шатыр мен киіз үйдің пайдасы зор»,-деп жазған желі қолданушыларының бірі.
Бірақ бұл болжамды білетіндер бірден жоққа шығарды.
«11 шағынаудан, ешкім қайтыс болған жоқ. Олай жаман ойламаңыздар. Мұны әдейлеп жазға арнап досым құрды. Бұл киіз үй  студен көшесінің бойында Правда мен Береговой көшелерінің ортасында»,-деген тағы бір азамат.


 
нравится:    1248
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии