20 Сентябрь
17:13
Астана: 25 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Әлем жаңалықтары
30 шілде 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алмазбек Атамбаев өзін сыйламаған халқына өкпелеп қалды (видео)
Жақында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Бішкек-Балықчы» автомагистральінің ашылу салтанатында халыққа өкпесін білдірді.



Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттықтың қырғыз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алмазбек Атамбаев мырза сөйлеп жатқанда, жиналған топтан бір қария шығып, президенттің сөзін бөлген. Қария президентке  уәжі бар екенін айтып, сөз сұраған.

Ал бұған өкпелеген Атамбаев мырза қарияны көпшілікті сыйлауға шақырып, ресми жиыннан соң жеке жолығатынын айтқан. Бұған құлақ түрмеген соң, президент мырза халыққа өкпесін білдірген.



“Барлығымыздың жағдайымыз қиын. Бірақ, енді бірімізді-біріміз сыйлайық. Тәртіп деген болу керек. Мұндайды  тоқтатыңдар. Мен сізге содан кейін жолығамын дедім ғой. Тағы не керек?! Құрметті жерлестер, ренжімеңіздер, бірақ өзінің президентін сыйламағанды Қырғызстаннан ғана көрдім. Өзбекстанға, Ресейге, Түркияға, Қытайға, Еуропаға барсам да мұндайды көрмеппін. Жұлынып, жұлқынбай, тәртіпті бұзбай, өзімізді сыйласақ, кішкене елімізді сыйласақ қайтеді? Мені сыйламасаңдар, мені сайлаған елді сыйлаңдар. Бірде-бір мемлекетте мұндайды көрмеппін.  Мен бір қалаға барсам, жиналған топтың шетінде тұрып алып, «Ей, Алмаз бері кел!» дейді. Ұялмайсыңдар ма? Мен Қырғызстан үшін, қырғыз елі үшін жанымды беріп, денсаулығымды беріп жүрмін. Мына істеліп жатқан жұмыстардың барлығы оңай дейсіңдер ме?! Қанша мемлекетке барып, тілемшідей болып жүрмін. Осы жолдар салынсыншы деп, Қырғызстанның келешегі ашылсыншы деп жүгіріп жүрмін (басын шайқаған)”, – деп басын шайқады президент.
нравится:    1233
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии