|    |  
24 қыркүйек 2019
15:53
қаз
Алмұрттан жасалған тосап
21 тамыз 2019, 14:23 66

 
Әзірлеу уақыты: 1 сағат

Ингредиенттер:

4 кг тазартылған, ұсақ туралған алмұрт

2 кг қант

1 шай қасық ұсақ даршын

Ванилин

1 шай қасық лимон қышқылы

Әзірлеу тәсілі:

1.Тазартылып, туралған алмұртты қантпен араластырыңыз. Ет тартқыштан өткізіңіз немесе блендермен ұсақтаңыз.

2.Банкалар мен қақпақтарды зарарсыздандырыңыз.

3.Алмұрт езбесін қайнататын ыдысқа салыңыз. Ванилин, даршын мен лимон қышқылын қосыңыз.

4.Жақсылап араластырып, қайнатыңыз. Үнемі араластырып тұрыңыз. Баяу отта 40 минут қайнатыңыз.

5.Ыстық тосапты банкаларға құйып, жабыңыз.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар