Әлем жаңалықтары
9 қазан 11:23
Алпамыс Шаримов өзін айыптағандарға жауап берді
1 қазанда продюсер Алпамыс шаримов Оралда қайырымдылық балын өткізген болатын. Осы шарадан кейін жергілікті журналист Динара Киндербаева Алпамысты өзіне қол көтеріп, шарадан қуып шықты деп айыптаған болатын. Бірнеше күн бойы үнсіздік сақтап, еш мәлімдеме жасамаған продюсер желідегі парақшасында енді жауап берді. Тіпті дәлел ретінде шарада түсірілген видеоларды да жүктеген.


 
«Шулап болған соң, шындықты айтатын кез-келді! Оралдық журналисттің маған ренжулі постын оқығанда «Бұл кісі кім туралы айтып отыр екен» деп таңқалдым. Жалғызбасты ананың тәрбиесімен өскен мен әйел адам түгіл өмірімде ешкімді де ұрып көрмеппін! Және де «Бір рет емес бес рет ұрды» дейді! Бұл далбасалыққа кім сене қояр деп осы күндері үндемей қойғанмын!.. Бірақ, осы оқиға осыншама резонанс туғызып, балға келмегендер мен «шақырылмағандар» екі жақтың ойын, пікірін, ағы мен қарасын біліп алмай маған қарсы қаралауы кезінде менікі «молчание знак согласие» болмасын деп жазып отырмын! Ешкімнің алдында ақталмаймын, мені кім екенімді білетіндер, қолдайтындар, хабарласып «ит атқа үргенімен, ат итке кісінемейді» деп басу айтып жатты.

Сонымен, оқиғаны видео дәлелмен жариялауды жөн көрдім! Оқиғаның негізі, осы кештен түскен қаржымен көмектесеміз деген көру қабілеті бұзылған Гүлхая Жуашбаеваның ән айту кезінде болды. Балдың жұмыс істеу зонасында тұрған барлық жандарға я отыруларын немесе жолда тұрмауларын өтінген болатынбыз! Сол сәтте бір журналисттің маған «не бейте» деген сөзін өзім де түсінбей қалдым! Ұрмақ түгіл, саусағымның ұшын тигізбеген сәтте қатты ашуға беріліп, долданып кеткен ОНЫ ешкім кештен қуып шыққан жоқ! Бір қолымда қағаз, сценарий болған! Оқиға 7 минут 30 секундта бастау алады. БЕС РЕТ ҰРЫП, ЖАРАҚАТ АЛҒАН АДАМДЫ КӨРДІҢІЗДЕР МЕ??? Әрі қарай журналист өз еркімен залдың екінші бетіне барғанын, Оны ешкім қуып шықпағанын көруге болады! Сол жерде әріптестерінің біріне қолмен арқадан ҰРУ қимылдарын көрсетіп, бірнәрселер айтып жатқанын да байқауға болады. 7 минут 56 секунд. Тағы да айтамын ешкім БҰЛ журналистті қуып шыққан жоқ!

Басқа ракурстан екінші видеодан көруге болады, әрі қарай сол екінші видеода оқиға жалғасын табады!

2 видео 11 минут 50 секунд МЕН Сахна қасындағы туындаған кикілжінді шешуге келемін. Және журналистке сахна қасынан әрі тұрып, сөйлесуімізді өтінгенмін. Оның агресиялық жауабынан еш шешім шықпайтынын түсініп 14 минут 30 секундта мен өзім сөз салғыластырмай кетіп қаламын. ТАҒЫ ДА АЙТАМЫН, бұл жерде ешкім ешкімді ұрған жоқ, және дәл осы журналистті ешкім есіктен күштеп шығарып, қуып жіберген жоқ! Дәлелі, 2 видео 17 минут 18 секундта әрі қарай журналист ханым жұмысын еркін жалғастырып, кешті суретке түсіріп жүруін көруге болады. Осы екі кездесуден бөлек бұл ханыммен мен кеш барысында басқа ешқандай жерде кездеспегенмін. Оның дәлелі қажет болса, әр түрлі ракурстан түсірілген 4 жарым сағаттық балдың видеолары толығымен менде бар!

Барлық факт анық болса, әрі қарай…

Мені жергілікті БАҚ өкілдеріне құрметпен қарамайды, сұхбат бермейді деп қаралағандар: 2 видео 16 минут 55 секундта жергілікті 42 ТДК арнасына сұхбат беруге бара жатқанымды және сол сұхбат жаңалықтардан жария болғанын көруге болады. Мен үшін журналисттер «жұмысшылар» емес төртінші билік, ең құрмет тұтатын тұлғалар! Олардың еңбектері, атқарып жатқан жұмыстарына Бас иемін! Халық пен билік арасындағы ең мықты көпір! Балымызды 4 жыл қатарынан жан-жақты жариялап келе жатқан журналисттерге арнайы төрт жыл қатарынан холда пресс зона орнатып келе жатырмыз. Ал акредитациядан өтпеген, дресс кодты сақтамаған, біз ұсынған журналисттерге арналған бейджді тақпаған, кем дегенде журналисттік құжатын көрсетпеген «Ақжайық» арнасының Ержан атты журналистінің реніші маған түсініксіз. Түсінемін, басқа да жұмыспен шауып жүріп, дресс код сақтауға үлгермеген шығарсыз, бірақ журналисттің «журналистпін» деп растайтын бір парақ қағазы қашанда қолында болу керек деп ойлаймын! Басқа журналисттердің кеште еркін жүргені, қонақтармен қатар дастархандар болғаны да факт!

4 жылда қаншама еңбек атқарылды, қарттар үйінен келіп билеген ата-әжелерім де, дебютанттардың арасында бір де бір музыканы естімей билеп шыққан естіп-сөйлеу қабеліті бұзылған жастар да, бас кейіпкеріміз жанарынан айырылған Гүлхая да, кешке қатысып дебютанттарды бастап шыққан, бір бүйрегін бейтаныс жанға берген Абзал да, бізден материалдық көмек алған 100-ден астам отбасы да бұл оқиғаның фонында көлеңке болып қалғаны мені қынжылдады! Себебі, Олардың тағдыры ешкімге қызық емес, себебі Олар фейсбукта отырмайды, Олар сасық әңгімеге сасық пікір жазуға құмарланбайды…

Дәл бүгін әкемнің өмірден өткеніне 25 жыл. Журналисттің постындағы әсіресе «тәрбиесіз» дегені мені жалғыз бағып өсірген Анамның жүрегіне қатты батты. Көрші көлемнің анама қайта-қайта хабарласып, мазасыз қойған сұрағы да бұл постты жазуыма әкеліп соқтырды. Жазасыз жанды қараламас бұрын, жасап жатқан ісімізге оң бағасын беріп алғанымыз абзал!
Мен тарапымнан қандай да бір қате кетсе кешірім сұраймын, ал жүрегінде мейірімі жоқ жандарға әрі қарай айтыр сөзім де жоқ! Әр күнге махаббатпен қараңыздар!»-дейді продюсер.


 


Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика