20 Август
15:50
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
15 шілде 10:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздер сәтті аяқталды
Иран мен «Алып алтылық» арасындағы келіссөздер жемісті аяқталды. Қолда бар мәліметтер бойынша тараптар атом бағдарламасына қатысты барлық мәселелердің басын ашты. Келісімшарттары бойынша Иран баллистикалық зымырандарды шығару бағдарламасын сегіз жылға доғарады.



Сонымен қатар өз күшімен шығарған және өзге елдерден әкелінетін уран концентраты тек Исфахандағы уран өңдеу зауытына жеткізілетін болады. Осының бәрін Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік 25 жыл бойы қадағалайды. Ал соңғы күндері келісімге жетуге кедергі болған қару-жарақ эмбаргосы әлі де 5 жыл күшінде болады. Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі: - Біз Қытаймен бірге қару-жарақ эмбаргосының бірден алынып тасталуын қолдадық. Батыс елдері болса, эмбарго 10 немесе 8 жыл бойы күшінде қалуын талап еткен. Нәтижесінде ирандық әріптестеріміз ымыраға келуге көнді. Шешуші сөз оларда болғанын ескеріп, біз де Қытаймен осыны құптадық. Халықаралық қауымдастық өз жағынан Тегеранға салынған санкцияларды алып тастайды. Қару-жарақ эмбаргосымен қатар Иранның мұнайы мен ядролық өнімдерін сатып алуға және осы салаларды қаржыландыруға тыйым салынып, шетелдік банктердегі есепшоттары да бұғатталған болатын. Бұл келісім БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бекіткеннен кейін 90 тәулік ішінде күшіне енеді. Алайда Иран келісімшарттарын бұзатын болса, қайтадан екі ай ішінде бұл елге бұрынғы санкциялар салынады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    605
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии