Мәдениет
14 маусым 15:10
​Алтынай Жорабаева: Барлық мұқтаж адамға көмектесуге міндетті емеспін
Өнер жұлдыздарынан көмек сұрайтындар көп. Өнерпаздар да өз кезегінде қолдарынан келгенше аянып қалмайды. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева да бар. Бірақ оқырмандарының бұл жолғы сөздері әншінің ызасына тиіп кеткенге ұқсайды. Әнші елдің бәріне бірдей көмектесе алмайтынын жеткізген.


 
«Неге осы бірнәрсе салсаң, жан-жақтан жұлып жегілері кеп тұрады көп адамдар? Қалтамызды, ақшаны есептеп, жетім-жесірге бер деп… Аллаға шүкір, одан кенде емеспіз. Сауап іс жасап жатқанымызды айтсақ, бәрі бір тиын болады ғой. Енді барлық мұқтаж жанға көмектесуге міндетті емес шығармыз. Менің де бала-шағам, туған-туыстарым бар дегендей. Қой, мен әншімін, жиһаз салоным бар, табысым жетеді деп отыра беруге де болатын шығар. Бірақ денсаулық барда, мүмкіндік барда, неге тағы қосымша іспен айналыспасқа? Кәсіп болса, нәсіп болады. “Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла. Бір ойлама, үш ойла” дегендей ғой сол менікі»-деп жазған әнші желіге.
 

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика