Мәдениет
14 мамыр 12:16
​Алтынай Жорабаева композитор ретінде алғашқы әнін жазды
Әнші Алтынай Жорабаева тағы бір өнерін жұрт назарына ұсынды. Әнші тұсау кесу салтына арнап «Қаз-қаз баламға» ән жазған. Бұл туралы желідегі парақшасына жазды.


 
«Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым, оқырмандарым! Менің жүрегімнен шыққан әнді қабыл алыңыздар. Сөзі халықтыкі. Бүлдіршіндерінің тұсауын кесіп беруімді өтінгеннен кейін, осы “Қаз-қаз” баламды оқып отырып, еріксіз осы ән аузыма келе бергеннен кейін, жазуға тура келді. Әмина деген ботақанның тұсауын кесу бақыты бұйырған сәттен. Сұмдық болып, композитор болып кетпесем болды енді. Қатты сынамаңыздаршы. Өзім толқып кеттім» – дейді Жорабаева.
 

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика