Мәдениет
14 қыркүйек 11:01
​Алтынай Жорабаева өзінің стилін сынағандарға жауап берді
Тисе терекке, тимесе бұтаққа деп сын айта беретін желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваны ашуландырғанға ұқсайды. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, өзінің стилін сынағандарға жауап берген.


 
«Маған “стиліңізді ауыстырыңыз, стилистіңізді ауыстырыңыз, мынадай көйлек болмайды” деп жазып жатады. Мен өзгертпеймін, маған ұнайды. Өйткені қазір мынадай кең киімдер енді ғана сәнге енуде. Мен осыдан 9-10 жыл бұрын велюрдан көйлек, шапан киіп жүрген кезде бәрі “осы сөлбіретіп бірдеңе киіп алады” дейтін. Ал қазір дизайнерлердің барлығы велюрдан киім тігеді, кең киімдер, шапан тігеді. Сондықтан мен өзгертпеймін. Өйткені менің Мансиямның фантазиясы “космический”. Үстімде де шапан, бұл шапанға 8 жыл болды, әлі сол күйі тастамай киюге болады. Менің стилімді өзгертпей-ақ қойыңыздаршы, маған осылай ұнайды» – дейді Алтынай.
 

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика