27 Май
16:04
Астана: 4 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
8 мамыр 17:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Алжасқан медбике жаңа туған 4 нәрестені өлтірмек болған


Рио-де-Жанейроның 41 жасар тұрғыны Симона Анжус дос Сантос жаңа туған 4 нәрестені өлтіруге әрекеттенгені үшін тұқындалды. Жеке клиникада медбике болып қызмет атқарған әйел интенсивті терапия бөліміндегі нәрестелердің катетерлерін жұлып тастаған, деп хабарлайды Daily Mail.

Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрлардан медбикенің нәресте жатқан аппаратқа келіп, бір нәрселерді жұлып тастап жатқанын анық көруге болады. Кейінірек Симонаның әріптесі шала туған баланың катетері жұлып алынғанын байқаған.
Екі апта бойы медбике осылайша тағы үш нәрестенің өміріне қауіп төндірген. Абырой болғанда, нәрестелердің барлығы да дін аман.

Полиция жан сақтау бөілімінде орнатылған камералардың жазбаларын мұқият тексеріп шыққаннан кейін Симона Анжус дос Сантос адам өлтіруге әрекеттені бабы бойына айыпталып, тұтқынға алынды. Ол медбике ретінде 10 жылдан астам қызмет атқарған. Оны қылмысқа итермелеген себептер әзірше белгісіз.
 
 

Дереккөзі: life.ru
нравится:    206
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии