11 Декабрь
07:52
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Туризм
13 қараша 15:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Амазонка - жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі (видео)
Амазонка - Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан. 
Самая_большая_река
Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м², ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады.
Самая_большая_река

Амазонканың негізгі ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлш. 1500 - 3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң, өзен Амазон ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өз-мен қосылып Ұлы А. өз. басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км²).


Река_Конго
Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500 — 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өзендері қосылған соң, оның арнасының ені 2 км. орта ағысында 5 км, құйылысында 80-150 км-ге жетеді; суының тереңд. орта ағысын-да 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15-45 м-ге дейін барады.
Ла-Плата

Амазонканың салалары бір-бірінен тек мөлшшерімен мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық тәртібі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады. Оңт. салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында А-ның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 м³/с, ал орташа жылдық ағындысының көлемі 5520 км³ шамасында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-і осы өзеннің үлесі-не тиеді. Амазонның өсімдік және жануарлар әлемі өте бай.
Река_Конго
Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) кеме жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қаласынына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергетикалық мүмкіндігі өте мол (қуаты 280 млн. кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды.




Дереккөзі: http://udivimenia.ru/
нравится:    1861
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии