Әлем жаңалықтары
16 наурыз 15:27
Америкада тегін тамақтандыратын мейрамхана ашылды
Американың Канзас-Сити қаласында мұқтаж жандарды тамақтандыруға арналған арнайы мейрамхана өз жұмысын бастады.Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Ad3J3sc (1)

Кіреберістен күтіп алып, дастарханға жайғастырып, қолыңызға ас мәзірін ұсынатын бұл мейрамхананың қызмет көрсетуінде басқалардан еш айырмашылық жоқ. Басты ерекшелік ауқаттанып болғасын ақша төлемейсіз. Ол үшін жұмыс күндері сағат 11.00-14.00. аралығында келсеңіз болғаны.
Бұл жердегі тағамдарды Канзас-Ситидегі атақты мейрамханалардың қожайыны Майкл Карридың өзі дайындайтын көрінеді. Ол өзінің бір кездері мұқтаждықта өмір сүргенін, қайырымды жандардың көмегімен талай рет тегін тамақтанғанын есіне алады. Еңбегі жанып, бүгінде байлыққа қолы жеткен ол мұқтаж жандарға осылай жәрдемдесуді жөн санаған.

Комментарии




Яндекс.Метрика