13 Декабрь
12:59
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
27 шілде 16:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Америкалық әртістер Трампқа қарсы науқан ұйымдастыруда

 
Америкалық актерлер мен музыканттар АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа қарсылық  науқанын бастады. Кампанияға Джулианна Мур, Оливия Уайлд, Вуди Харрельсон, Марк Руффало, Талиб Квели және басқалар қосылған. United Against Hate деген атауға ие болған бұл акцияны MoveOn ұйымы ұйымдастырып отыр. Ұйым Трамптың идеологиясына соққы беру үшін қатысушыларды қолдарынан келгенше елді сендіруге  міндеттеген хат таратқан.
 
Алдағы қарашада АҚШ-та өтетін президент сайлауының дақпырты да, президенттікке үміткер Дональд Трампқа қатысты дау-дамайда толастамай тұр. АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама Трамптың президент болуға толықтай мүмкіндігі бар екенін, Ресейдің миллиардерді ерекше қолдайтынын айтқан еді. Бұған Трамптың Путинді көрнекті әрі талантты тұлға ретінде бағалаған сөздері себеп болған.  Ал Трамптың Ресейге инвестиция салғаны туралы ақпаратқа қатысты миллиардердің өзі Ресейде ешқандай инвестициясы жоқ екенін мәлімдеді.
 
Дереккөз: АиФ
нравится:    571
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии