22 Август
18:49
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
4 қараша 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Америкалық атай немересін шөл далаға тастап кеткен
04-11-15-amerikanets-1

Американың Аризона штатында естіген адамды естен тандыратын оспадар оқиға орын алды. Бір ересек кісі өзімен ертіп шыққан кішкентай немересін айдалаға тастап кеткен. Бұл туралы NBC хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, осы елдің 53 жастағы Пол Арманд Рэтер есімді азаматы 5 жасар немере қызымен бірге шөл далаға аттанады. Ол өзімен оқтаулы тапанша ала келіпті. Көп ұзамай Рэкер «жаман жігіттерді атып өлтіру үшін» кішкентай бүлдіршіннің қолына тапанша ұстатып, оның бір өзін елсіз шөл далаға қалдырып кеткен.

«Мен бес жасар баланың жақсы адамды жаманнан қалай ажырата алатынын білмеймін», – дейді Марикопа округінің шрифі. Ол үйде қызы жоқ екенін білгеннен кейін дабыл қаққан оның анасының өтініші бойынша құқық қорғаушыларды тік көтереді. Тәртіп сақшылары сол бойда іске тікұшақты қосады. Қуанышқа қарай, операция басталғасын екі сағатқа жетпей іздеушілер айдалада қолына тапанша ұстап жүрген бөбекті тауып алады. Қыз бала ешқандай зардап шеге қоймапты.

Ал қыздың 53-тегі атасы немересін қалдырып кеткен жерден бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан дүкеннен табылды. Ол машинасы бұзылып қалғасын, жақын маңнан көмек іздеп, жаяу кетіп қалғанын айтады. Рэтер шаршағанын білдірген немересін өзімен бірге алып жүре алмағанын да жеткізеді.

Қазір америкалық азаматқа кішкентай бүлдіршіннің өміріне қауіп төндіретіндей аяусыздық қылық көрсеткені үшін айып тағылып отыр. Сотқа дейін Рэтер Финикс қаласының түрмесінде отырады.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    897
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии