16 Август
18:57
Астана: 23 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.91
EUR/KZT: 391.17
RUB/KZT: 5.55
CNY/KZT: 49.84
Спорт
14 тамыз 17:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Америкалық әйел тарихта тұңғыш рет 50 шақырым жерді жүзіп өтті

Америкалық Ким Чемберс 50 шақырымдық қашықтықты жүзіп өткен тарихтағы ең алғашқы әйел атанды.

Бұл туралы americaru.com хабарлады деп жазады ras.kz.

Ол Фараллон аралынан «Алтын қақпа» (Golden Gate) көпіріне дейінгі аралықты жүзіп өтіп, судағы ең қауіпті белестердің бірін бағындырды,

Оқиға өткен жұма күні орын алды. Сол күні кешке 38 жастағы жүзгіш салқын судағы жорығын бастады. Ал мәреге 17 сағат өткеннен кейін жетті.

«Бүкіл командам мені бас бармақтарын жоғары көтеріп, қолдап тұрды. Маған бұл аралықты жүзіп шығу оңай болған жоқ», – Ким Чемберс.

Осынша уақытқа созылған жүзу барысында онымен қатарласып анасы мен команданың 16 мүшесі қайықпен жүзіп отырған. Олар қауіп төне қалған жағдайда көмекке келмекші болған.

Ким Чемберс – бұрынғы балерина. Ол қайғылы оқиғадан кейін жансызданып қалған аяғын қалпына келтіру үшін жүзумен айналысуды бастапты.

Бұрын Фараллон аралы мен аталған көпірдің аралығын төрт ер кісі жүзіп өткен екен. Бұл жердің қауіптілігі сол, онда  тасбақалармен қоректенетін үлкен ақ акулалар көптеп кездеседі.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    702
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии