24 Август
14:45
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
20 тамыз 12:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Америкалық мұғалім қыз Иса пайғамбармен “үйлену тойын” дүркіретіп өткізді

Американың Индиана штатында жоғары сынып мұғалімі болып қызмет ететін Джессика Хейз өзінің Иса пайғамбарға “күйеуге шығу” салтанатты рәсімін өткізді.
 
Бұл туралы The Daily Mail хабарлады деп жазады ras.kz.
Джессика Хейз есімді бойжеткен өз еркімен және ресми түрде өмірін Құдайға құлшылық етуге арнауға шешім қабылдаған әйелдердің қатарынан табылды. Ал АҚШ-та мұндайлардың саны қазір 230-ға жетіп отыр екен.
Олар осыдан соң  ешкіммен жыныстық қатынас жасамауы және тірі адамға күйеуге шықпауы  тиіс.
Бұл жолғы ерекше үйлену тойы Индиана штатындағы Форт-Уэйн қаласындағы соборда өтті. Тойда Джессика өзінің баяғыдай өмір сүре беретінін, бірақ енді ешқашан тұрмыс құра алмайтынын айтты.
«Мектепке барғанымда оқушыларым миссис Хейз деп атауға болатын-болмайтынын сұрады. Жоқ, мен әлі мисспін. Бірақ мен Исаға күйеуге тигенмін», – деп атап өтті қыз.
Өзгеше тойға келушілер көп болыпты. Олардың арасынан тіпті Хейз танымайтын кісілер де кездескен.

Дереккөзі: nur.kz
 
нравится:    871
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии