|    |  
11 желтоқсан 2018
14:09
қаз
Америкалық жүргізуші газдалған сусынға шашалып қалып, 23 жаңа көлікті қиратты
09 қыркүйек, 09:36 1061
Американың Пенсильвания штатындағы Хермитидж қаласында сүт цистернасының жүргізушісі 23 жаңа көлікті қиратып тастады.58 жастағы Томас Янг (Thomas Young) газдалған сусынға шашалып қалып, жолдан ұшып кеткен. Салдарынан Buick, GMC және Cadillac көліктері диллерінің автотұрағына кіріп кетіп, жап-жаңа 23 көлікті соғып, қиратқан. Оның бірі жүк көлігінің салонына кіріп кеткен, деп жазады Лента.ру.



Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кейін белгілі болғандай, жүк көлігінде ешқандай ақау болмаған. Алайда жүргізуші тежегішті басып үлгермеген.

Дереккөзі: ҚазАқпарат


Жаңалықтар