20 Август
07:52
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 маусым 15:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Американдық өнертапқыш Apple-дан өзінің айфон идеясын ұрлағаны үшін 10 млрд доллар талап етті

 
Флорида штатының тұрғыны Томас Росс  Apple компаниясын сотқа берді. Өнертапқыштың айтуынша аталмыш компания оның айфон идеясын ұрлаған. Оның сөзіне сенсек, ол гаджетті 1992 жылы әзірлеген. Өтемақы ретінде Росс 10 млрд доллар  мен корпорация саудасының көлемінен 1,5 пайыз табысты талап етіп отыр. Бұл туралы The New York Daily News хабарлады.

Өнертапқыш 20 жылдан астам уақыт бұрын өзінің Apple компаниясының құрылғыларында қолданылып жүрген технологияларды ойлап тапқанын айтып отыр. Әңгіме айфон мен  iPad планшетіне қатысты.
Дәлел ретінде айфон шыққанға дейін 15 жыл бұрын патент алу үшін өтініммен бірге берген сызбаларын ұсынған. Олардың бірінде үлкен экраны мен төмен орналасқан түймелері бар тікбұрышты құрылғы, ал екіншісінде екі жағынан сенсорлық экраны мен стилусы бар ашылмалы модель бейнеленген.  

Росс өнертабысын тіркегенде: «Өнертабыс - компьютерлендірілген, электронды есептеу құрылғысы болып табылады. Мұның мақсаты  -  кітаптар, журналдар, қолжазбалар мен бұқаралық ақпарат құралдары сияқты қағаз нұсқадағы дереккөздерге балама ұсыну» - деп сипаттаған.
 
Бірақ, өнертабысты патенттеу мүмкін болмаған. Ізденуші баж салығын төлеген. Стив Джобс алғашқы айфонды ұсынғаннан соң, 12 күннен кейін Росс өзінің өнертабысын тіркеуден бас тартқан АҚШ-тың Патенттеу ведомствосын сотқа берген.
 
Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс алғашқы iPhone телефонын 2007 жылы шығарған болатын.  

Дереккөз: lenta.ru 
 
 
нравится:    685
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии