11 Декабрь
17:23
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Экономика
29 қазан 12:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Американың атақты миллиардері Қазақстанға инвестиция салуға ниетті
Әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс Қазақстанға да инвестиция салуға ниетті. Бұл туралы инвестор «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумының бас сессиясына модераторлық ете отырып, мәлім етті.



«Мен Астана қаласы туралы көп оқып, көп естігенмін. «Астана - тамаша қала» дегенді көп естігенмін, енді, міне, бүгін өз көзіммен көріп отырмын. Астана - расымен де таң қаларлық қала екен. Мен Бразилияда да, Вашингтонда да Астанада бар кереметтерді көрген емеспін, әлемнің өзге астаналары Қазақстанның елордасымен теңесе алмайды»,-деген миллиардер Астанадағы үлкен өзгерістер оны қатты қызықтырғанын айтады.
«Соңғы бірнеше жылда Қазақстандағы, Астанадағы өзгерістерді байқап жүрмін. Мен халықаралық деңгейдегі инвестормын, сондықтан, «неге Қазақстанға да инвестиция салмасқа» деген ойға келдім. Мемлекет елорданы дамыту үшін көп жұмыс жасаған. Қазақстанда алты рет экономикалық форум өтті, ал бүгін инвестициялық форум өтіп жатқандықтан, тек инвестиция тарту жолдарын талқылауға  уақыт табамыз деген үміттемін. Негізі, Қазақстанға инвестиция салатын сәт туды. Бүгін барлығымызды қызықтырып отырған мәселе де осы инвестиция. Қазақстанда бұл үшін барлық мүмкіндік жасалған»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін басталған «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форумы екі күнге жалғасады. Форум жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысуда.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    773
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии