|    |  
08 желтоқсан 2019
00:13
қаз
​Американың зейнетақы жүйесінде жаңа дағдарыс басталғалы тұр
27 наурыз 2017, 18:34 52
Кез келген елдің даму деңгейіне қарамастан зейнетақы жүйесінде зор түйткілдер болуы мүмкін. Бұл тықыр алпауыт Америкаға да таянған сияқты.


 
Қазір елдегі зейнетақы қорлары 1 миллионға жуық жұмыскердің зейнетақысын төлеуге қауқарсыз халде тұр. Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы 550 мың мемлекеттік қызметкері 24,1 млрд долларын жоғалтқан. Ал зейнетақы қорлары 100 мыңға жуық шахтерге 6 млрд доллар қарыз.
 
Бұл ел тұрғындарының зейнетақысыз қалады деген сөз емес. Десе де алдағы уақытта зейнетке шыққан жұмыскерлер тиісті мөлшерден төмен зейнетақы алып қалуы кәдік.
 
2015 жылғы есеп бойынша 75 жастан асқан қарттардың орташа кірісі 34,097 долларды құраған. Ал орташа шығыны 34,382 доллар.
 
Дереккөз: vestifinance.ru


Жаңалықтар