21 Август
06:56
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
4 шілде 16:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Амстердамда ауа таза болғанда ғана тегін Wi-Fi тарататын ұя жасап шығарды

Амстердамдық дизайнер Йорис Лам (Joris Lam) ауаның ластану деңгейі төмен жерде ғана тегін Wi-Fi тарататын құрылғы ойлап тапты. Ұяға ұқсас құрылғыға Tree Wi-Fi деген атау берілген. Автор бұл жобасы арқылы экология мәселелеріне назар аударқыты келген екен. «Мен ауаның ластану деңгейін өлшейтін және оны адамдар көретіндей, түсінетіндей, түйсіктеріне жеткізетін әлдеқандай құрал жасағым келді»-дейді. Аталмыш құрылғыға жергілікті билік те назар аударған.  Құрылғыны дайындауға төрт ай уақытын жұмсаған дизайнер басқа елдерден де қызығушылық танытқандардың бар екенін айтып отыр.
 
Наурызда ауаның ластану деңгейіне мониторинг жүргізу үшін көгершіндерді пайдалануға рұқсат етілген болатын. Құстар үшін ғаламторға қосылған арнайы рюкзак әзірленген. Осы рюкзактар арқылы атмосфера жағдайы жөнінде деректер алынып отырады.
 
 Дереккөз: lenta.ru
нравится:    643
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии