22 Август
22:47
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
4 сәуір 13:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Анандидің рөлін сомдаған актриса қайтыс болды
Қазақ көрерменіне  "Келін" телехикаясынан жақсы таныс Пратюша Банерджи көз жұмды. 24 жастағы Болливуд жұлдызы сүйіктісінің үйінде асылып қалған жерінен табылды.


Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, Пратюша Банерджидің денесін оның сүйіктісі - әртіс әрі телепродюссер Рауль Сингх тапқан. Бойжеткен шұғыл ауруханаға жеткізілген, бірақ дәрігерлер оның қайтып кеткенін айтқан, деп жазады peopletalk.ru.
Indian express-тің мәліметіне сенсек, өзіне қол салған бойжеткен мен оның бірге шаңырақ көтергелі жүрген жігітінің арасында келіспеушілік болған. Бұдан бөлек, полицейлер Пратюша Банерджимен байланысы, қандай да бір келіспеушілігі болған барлық ер адамдарды тергейтінін мәлім етті.
Марқұм актрисаның достары оның сүйіктісімен жиі ұрсысатын болғанын, тіпті кейде төбелесіп қалатынын айтқан.
Associated Pressтің мәліметінше, актрисаның қаза болу себебі тергеу жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.
Полиция қызметкері Судхир Бутер актрисаның достары мен көршілерінен жауап  алып жатқандығын айтты.

 
нравится:    1063
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии