17 Октябрь
13:34
Астана: 13 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
23 қыркүйек 11:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ананы осылай қадірлесейші... (ФОТО)
Қытайдың ғаламтор ресурстарында көшеде кәрі шешесін көтеріп жүрген азаматтың суреті кең таралуда. Чжэцзян провинциясының 51 жастағы тұрғыны Чжан Юнканның 82-дегі анасын көтеріп алып, серуендетіп жүрген сәтін кездейсоқ жүргіншілер суретке түсіріп алған.
 


Чжанның анасы 2014 жылдан бері жүрек – қан тамыр ауруларына шалдыққан екен. Қария ұзақ уақыт төсекке таңылғандықтан тізелері бүгіліп, жүруден қалыпты. Содан бері ұлы анасын сыртқа көтеріп шығарады.
 
«Менің анам жүре алмайды, сөйлей алмайды. Қолымнан бар келері көтеріп жүру ғана. Сонда анам өзін қауіпсіз сезінеді. Кейде қолымен менің қолымды ұстайды»-деген Чжан анасы сөйлей алмаса да, оның қамқорлығын сезетініне сенімді. Анасының осы болмашы қимылдарының өзі Чжанның анасына еркелеп өткізген бала күнін есіне түсіреді екен.
 


Чжан пошта қызметінде жұмыс істейді. Оған күніне 23 филиалды тексеру міндеті жүктелген. Десе де, ол анасына қарауға, күтім жасауға уақыт табады.
 
Дереккөз: en.people.cn
нравится:    809
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии