21 Август
15:56
Астана: 24 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
2 қыркүйек 09:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Андрей Аршавин шаңырақ көтерді (фото)

Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин өзінің сүйіктісі, журналист Алиса Казьминаға үйленді. Екі ғашық бірнеше жылдан бері кездесіп жүр екен.

Бұл туралы “Life” порталы хабарлайды.

Үйлену тойы 1 қыркүйек күні Санкт-Петербургтағы неке орталықтарының бірінде болған. Үйлену тойына екеуінің бірнеше досы мен Алисаның бірінші некедегі балалары ғана қатысқан.

“Қонақ көп болмады. Үйлену тойының уақыты соңғы сәтке дейін құпия сақталыпты. Тіпті Аршавиннің кейбір туыстары үшін де бұл күтпеген жағдай болды. Жас жұбайлар тойдан кейін Сочиге ұшып кететін шығар”, – деді той қонақтарының бірі.

Ресей ұлттық құрамасының 35 жастағы экс-капитаны мен 34 жастағы журналисттің кездесіп жүргені туралы 2 жыл бұрын белгілі болған. Казьмина бұған дейін де некеде болған. Оның алдыңғы некесінен екі баласы бар.

Ал бұл Аршавиннің алғашқы ресми некелік қарым-қатынасы. Бұған дейін футболшы Юлия Барановскаямен азаматтық некеде тұрған еді. Олар тоғыз жыл бірге тұрып, үш балалы болды. 2012 жылы Аршавин Юлиямен ажырасып кетті. Қазіргі таңда табысының тең жартысын балаларына алимент ретіндей төлейді.

Еске сала кетсек, Ресей футболының жұлдызы қысқы трансферлік кезеңде кроснадарлық “Кубань” сапынан Алматының “Қайратына” ауысқан болатын. Жартылай қорғаушы қазірге дейін “Қайрат” сапында 21 матчқа қатысып, 8 гол соққан.

нравится:    769
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии