23 Август
14:12
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
24 мамыр 16:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Анджелина Джоли Лондон мектебінің профессоры болды
Танымал голливудтік актриса Анджелина ДжолиЛондон экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқытушы болып тағайындалды. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.



Университетте жақында әйелдер проблемасы, әлем және қауіпсіздікке арналған жаңа зерттеу орталығы ашылмақ. Сол жерде Джоли БҰҰ-ның босқындар мәселесі бойынша жоғарғы комиссар басқармасының елшісі ретінде сөз сөйлейді.

“Осындай бағдарламаның құрылғанына қатты қуаныштымын. Өзге оқу орындары да осыдан үлгі алады деп ойлаймын. Бұл әйелдер құқығын қорғауға байланысты кең талқылауға жол ашады”, – деді актриса университет өкілдері алдында.

Алдағы уақытта Джоли дәріс оқып, қоғамдық іс-шаралар мен зерттеулерге қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, ол гендерлік теңдіктің дамуы жайында, әйелдердің экономикадағы, саясаттағы, қоғамдағы қауіпсіздігі мен рөлінің күшеюі хақында жұмыс жүргізбек.

 
нравится:    629
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии