|    |  
11 желтоқсан 2018
23:12
қаз
Анджелина Джоли мен Брэд Питт ажырасады
26 маусым, 12:05 1501
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Голливудтың танымал жұлдыздары Анджелина Джоли мен Брэд Питт ажырасуға шешім қабылдағандарын жазуда.  Бұл туралы super.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.



Брэд таяу уақытта ажырасу үшін құжаттар жинап жатыр деп хабарлады In Touch.

Жұлдызды жұп арасында үйленгеннен кейін түсініспеушіліктер көбейген екен. Анджелина Брэдтің заңды әйелі атанғанынан кейін, оны барынша бақылауында ұстамақ болуы әртістің көңілінен шықпаған көрінеді.

Голливуд жұлдызы ақыры Анджелинаға өзінің ажырасқысы келетінін айтқан. Брэд өзін бақытсыз сезінгендіктен, айырылысуды жөн санаған.

Еске салсақ, Джоли мен Питт 23 тамыз күні жасырын түрде Францияда некелескен болатын.

 


Жаңалықтар