21 Август
20:00
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
22 сәуір 11:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Анджелина Джоли сириялық жетім қызды асырап алмақшы
Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли сириялық жетім қызды асырап алмақшы. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Muslim.kz хабарлайды.

БҰҰ-дағы қызметіне байланысты атақты киноактрисаның соңғы жылдары бірнеше мәрте сириялық босқындар лагерінде болып, түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып жүргені белгілі.
Биылғы жыл басында Анджелина Джолидың сириялық жетім баланы өз қамқорлығына алатыны жайлы ақпарат таралғанымен, алайда анық-қанығы анықталмаған болатын.
Дегенмен, жақында жұлдызды жұптың жанындағылардың бірі Джоли мен Питтің бала асырап алу жайында нақты шешімге келгені жайлы мәлімдеді.
Бейресми деректер бойынша, олар босқындар арасынан жетім қалған қызды асырап алуға ниеттеніп отыр. Al Arabiya ақпарат орталығының хабарлауынша, бала асырап алуға керекті құжаттар жаз айларында дайын болатын көрінеді.
 
нравится:    732
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии