15 Декабрь
08:36
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Мәдениет
13 шілде 12:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Анджелина Джолидің босқындар лагерін аралаған видеосы көрушілерді таң қалдырды
Жақында Әлемге танымал киножұлдызы Анджелина Джоли 10 жасар Шайло есімді қызымен гуманитарлық миссиямен сапарға шыққан болатын.  Атақты жұлдыз өзінің қызымен бірге Түркияда орналасқан  сириялық босқындар лагерінде болды. Бүгін интернет желісіне осы сапардың бейне жазбасы шықты. 



Белгілі болғандай,  әйгілі голливуд жұлдызы сириялық отбасымен бір жыл бұрын кездескен екен.
«Мен Халоны бірінші рет кездестіргенімде, ол босқын ретінде мұнда енді ғана орналасып жатқан болатын. Бір жыл өткеннен кейін мен  қызым Шайломен бірге, олардың қалай тұрып жатқандықтарын көруге келдім»,- деген пікірімен бөлісті Анджелина.

Естеріңізге сала кетейік, А.Джоли бүгінде БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссары қызметін атқарады.



Голливудтық жұлдыз Мардиндегі Сирия мен Ирак босқындар лагерінде болды. Осы сапарында Джоли Түркия президенті Реджеп Эрдоғанмен кездесіп, босқындардың басынан кешіп отырған жағдайды талқылаған болатын. 

Дереккөзі: segodnya.ua
нравится:    887
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии