18 Август
01:18
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
26 шілде 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әнел Әрінованың бала тәрбиесіндегі ұстанымдары

 
 Әнел Әрінова – KeshYou тобының бұрынғы мүшесі. Әнші ғана емес, бақытты жар, аяулы ана. Әншінің Имран есімді бір жарым жастағы ұлы бар.  Әнші өзінің ана рөлін атқарып келе жатқан осы уақыттағы бала тәрбиесіне қатысты тәжірибесімен бөлісті.
 
1) Көпшілік балалардың ата-анасы не істесе, соны қайталайтынын ойлай бермейді. Сол себепті де сіздің өзіңізді қалай ұстайтыныңыз, отбасында қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз, ата-анаңызбен қалай сөйлесетініңіз, қандай сөздерді жиі қолданатыныңыз өте маңызды. Бәрі маңызды! Кішкентай баланың бәрін өз жадына жазып отырғанын ұмытпау керек. Сондықтан да ата-аналар баласына үлгі-өнеге көрсету үшін ең алдымен өз-өздерін тәрбиелеуі тиіс.
 
2) Мен жұмсақ анамын. Балама сөйлей қалғанда «тәттім менің», «ұлым» деген сөздерден бастаймын.
 
3) Біз жаңа күнді үнемі жоспарлаймыз. Мен Имранға «Ұлым қазір екеуміз таңғы асымызды ішеміз, содан кейін ойнаймыз» деген сияқты не істейтінімізді айтып отырамын. Имран өзін не күтіп тұрғанын, не істейтінімізді алдын ала біліп отырады.
 


4) Балаңыздың кез-келген жаста, тіпті дүниеге енді келген сәтінде болса да ақыл-есі бар екенін есте ұстаңыз. Онымен үлкен адам сияқты араласыңыз. Ол есін біліп, сұрақтары көбейгенде сұрақтарын жауапсыз қалдырмаңыз. Оны тыңдап үйреніңіз. Әйтпесе «не ексең соны орасың» демекші, кейін ол өзіңізді де тыңдамауы мүмкін.
 
5) Мен ата-аналардың жұмыстан шаршайтынын, ұйқысы қанбайтынын жақсы түсінемін. Бірақ ешқашан аузыңыздан шыққан сөзге сақ болуды ұмытпаңыз. Баланың көзінше ұрыспаңыздар. Кейде үйдің жұмыстарынан қолым тимей жататын сәттер болады. Бірақ бұны балаға түсіндіре алмайсыз ғой. Мұндай кездері мен бар жұмысымды тастап, баламның соңынан еремін. Екеуміз сурет саламыз, кітап ақтарамыз, қалам-қарындашты лақтырып ойнаймыз. Себебі мен үшін жұмыс емес, ұлым маңызды.
 
6) «Осылай істемесең мен сенің жақсы көрмейтін боламын» деген сияқты сөздерді, оқиғаларды жиі көремін. Анасының баласына бұлай айтқаны мүлде дұрыс емес деп ойлаймын. Меніңше бұл үлкен қателік. Ұлым Имран менің өзін қандай жағдай болса да жақсы көретінімді, қолдайтынымды және оның жағында болатынымды әрдайым білсе деймін.
 
7) Баламның өзі туралы бағасы мен үшін өте маңызды. Себебі оның өзі туралы пікірі жақындарының сөзінен қалыптасады. Ол әлі сөйлемейді. Бірақ өскенде біздің мақтауымыз жадында қалса деймін. Біз үнемі оның қандай жақсы, ақылды, мейірімді бала екенін айтып отырамыз.
 


8) Біздің класта төрттік баға алса жылайтын ұл болатын. Ата-аналары «бәрінен үздіксің» деп құлақтарына құйып тастаған балалар да болды. Бірақ ол балалар сайыстарда жеңіліп қалса қатты күйзелетін. Мен өзімнің ұлыма «сен бәрінен үздіксің» деп құлағына құймаймын. Мен оған бәріміздің әртүрлі екенімізді түсіндіремін. Мен ұлымның өзі істеген ісіне қуанып, ләззат алғанын, соған қанағаттанғанын қалаймын.
 
9) Бірде маған әлеуметтік желі арқылы «Имранға ұрсып, жазалап, ұрасызба?»-деген сұрақ қойды. Балаларға ұрсудың, ұялтудың, жазалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл жақсылыққа апармайды. Тек балаға әр нәрсені түсінікті қарапайым тілмен түсіндіру керек.
 
10) Баламның өз ойының маңызы бар екенін және менің оған құлақ асатынымды білгенін қалаймын. Сол себепті мен оған әркез таңдау беремін. Тамақ болсын, киім болсын өзіне таңдау жасатамын. Тамақтанар алдында «Балам ірімшік жейсің бе әлде йогурт ішесіңбе?»-деп міндетті түрде сұраймын. Ұлымның әлі тілі шыққан жоқ. Бірақ ол не қалайтынын ыммен түсіндіре алады. Алдында тұрған астан қалағанын өзі алып жейді. Сыртқа шығарда да мен одан қандай киім киетінін сұраймын. Бірде ол мен кигізген бас киімді кимей, шкафты ашып, бейсболкасын өзі алып киді. Мен қатты таң қалдым. Балаға қаталдық танытпай, осындай сөздерді қолдану қажет деп ойлаймын.
 
11) Кейде Имранның мені естіп тұрмағанын байқаймын. Ондай кездері көңілін аудару үшін мен оны қолынан жетектеп үйге немесе басқа жерге алып кетемін.
 
Дереккөз: comode.kz
нравится:    811
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии