21 Август
10:28
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
24 маусым 09:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әнел Арынова күйеуінен ажырасып кетті



Әнші Әнел Арынова отбасылық өмірінде көптеген қиындықтың болғанын айтты. Мұнымен қатар, сүйіктісімен бірнеше рет ажырасып, қайта қосылғанын тілге тиек етті. Десе де, жас жұбайлар уақыт созбай ресми ажырасуды жөн көрген екен.

“КешYou” тобының экс солисі Әнел Арынова 2014 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Бүгінде Имран есімді екі жастағы баласын жалғыз өзі тәрбиелеп жатыр. Ол “Сұхбат” бағдарламасында сүйіктісімен ажырасып кеткенін айтты. Бірнеше рет қайта қосылса да, сыйлары жараспай қоштасуды жөн көрген екен.

Әнші жалғызбасты ана болса да, баласына қамқоршы жандардың көп екенін айтады.

“Менің баламның және отбасымның көңіл-күйі тікелей өзіме байланысты. Маған кімнің, не айтатыны бәрібір. Егер күн сайын әлеуметтік парақшама жазылған пікірлерді оқып отыратын болсам, одан асылып өлгенім артық болар еді. Мүмкін қарапайым, ешкім танымайтын адам болсам, мұндай қиналмас па едім”, – дейді Әнел Арынова.

Мұнымен қатар, әнші “жалғызбасты ана” деген сөзге бола еш қымсынбайтынын айтты. Жағымсыз нәрселерді шетке ысырып, өзін тек жақсы дүниелермен қоршауға тырысатындығын жеткізді.

“Мен танымал адам болғандықтан, өзгеге үлгі болуым керек. Мені кішкене балалар да оқитынын жақсы білемін. Жағдайым дәл осылай болып тұр. Бұл жағынан өзім болмасам да, тәрбие алған отбасым үлгі болары анық. Толыққанды отбасында тәрбие алдым.

Әйел адам болсам да, иіле алмаймын. Мықты болып үйренгенмін. Бұл кемшілігімді түзетуге тырысып жүрмін. Барлығы дәл мен сияқты болуы керек деп айтпаймын. Бірақ бізде көп жағдайда үнсіз қалатын қыздар көп. 50%-дан жоғары десек те болады. Олар отбасында қандай жағдай болса да, шыдамдылық танытуға тырысады. Біз қайда барамыз? Біздің еркектер ше?” – дейді әнші.

Бұдан өзге Арынова “КешYou” тобының қыздарын туған сіңілдеріндей көріп, әрдайым жақсы қарым-қатынаста болуға тырысатынын айтып өтті.


Дереккөзі: stan.kz
нравится:    2306
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии