Әлем жаңалықтары
27 шілде 12:27
Ангела Меркель абайсызда орындықтан құлап кетті
 

Германия канцлері Ангела Меркель «Тристан мен Изольда» операсының жаңа қойылымының премьерасында абайсызда орындықтан құлап кетті деп хабарлайды Lenta.ru.
Оқиға жыл сайын өтіп отыратын фестивальдің ашылу салтанатында болды. Ангела МЕРКЕЛЬ үзіліс кезінде мейрамханаға барған. Бастапқыда ГФР канцлері талып қалды деп болжанған, бірақ  алдын-ала мәліметтере қарағанда Ангела Меркель отырған орындық сынып кеткен. 
Ақпарат құралдарының мәліметінше, Ангела Меркель оқиғадан кейін дереу есін жинап алған, оған басқа орындық берілген және ол қойылымның екінші жартысына да қатысқан. Ыңғайсыз оқиғаға тап болса да канцлер қойылымның ұнағанын мәлімдеді.

Осыған ұқсас оқиға Германия канцлері Ангела Меркельмен бірінші рет орын алып отырған жоқ. Өткен жылдың соңында Ангела Меркель  ZDF және ARD арнасына сұхбат беру кезінде өзінің жайсыз сезінген еді. Соның салдарынан сұхбатты үзуге тура келген болатын.

Комментарии




Яндекс.Метрика