23 Октябрь
15:47
Астана: 10 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
4 шілде 16:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Англияда мұсылманға тоқал алуға көмектесетін сайт ашылды

Ұлыбританияда мұсылманға екінші әйел алуға көмек көрсететін SecondWife.com деп аталатын сайт ашылды. Бұл туралы Daily Mail сайты ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Қазірге дейін сервис қызметін елдің 35 мыңнан астам тұрғыны пайдаланып үлгеріпті. Сайттың негізін қалаушы 33 жастағы Азад Чайвала бұған қоса барлық конфессия өкілдеріне арналған  Polygamy.com атты жаңа инициативаны да іске қосыпты. Мұнда да 7 мың пайдаланушы тіркеліп үлгерген.

Идея авторын Британиядағы көп әйел алушылықтың 7 жылғы мерзімге дейін түрмеде отырғызумен жазалатын заңы да тоқтата алмай тұр.

Бұған Чайвала мұны мұсылмандарға тән дәстүрлі құндылықтар мен жұбайлық адалдықтың сақталуы үшін жасап отырғанын айтып, жауап қайтарады. Ол сондай-ақ көп әйел алушылықтың қыз-келіншектерді жалғыздықтан құтқаратынын алға тартады.

Сонымен бірге, мұсылман қауымдастығының көптеген өкілдері көп әйел алушылықты уағыздайтын бұл бастаманы айыптап шықты. Мәселен, өзі мұсылман парламент мүшесі Халид Махмуд заңды тұрғыда екінші және одан басқа да әйелдердің қорғалуы жағына назар аударуды ұсынады.

«Бұл әйелдерге орасан зор қауіп-қатер тудырады. Себебі, ол күйеуінің мүлік-мүкәмалына мирасқор ретінде құқық ала алмайды», – дейді ол.
нравится:    642
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии