21 Август
18:01
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
3 қыркүйек 12:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ангола ресми түрде ислам дініне тыйым салды


Африкадағы Ангола  мемлекеті ресми түрде ислам дініне тыйым салды. Сөйтіп, бұл ел ислам дініне ресми түрде  тыйым салған  алғашқы мемлекет ретінде  тарихта қалатын болды.

Ел президенті Жозе Эдуарду душ Сантуш бұл шараны «елде  ислам ықпалының  түбегейлі  аяқталуы» деп мәлімдеген.  

Ангола мәдениет  министрі Роза Круз де  Сильва елдің  Әділет және  адам құқықтары министрлігі ислам дінін заңды түрде  мойындамағандықтан  барлық мешіттер  жабылатындығын мәлімдеді.
 
Бұған дейін Луанда қаласындағы екі мешіттің бірі түгел қиратылса, бірінің мұнарлары жығылды. Israelinfo сайтының ақпаратына қарағанда  ислам діні Анголадағы  тыйым салынған 194 культтің қатарына енгізіліпті.
 
Бүгінде Анголада 90 мыңға жуық ғана  мұсылман  өмір сүріп жатыр. Олардың басым көпшілігі Батыс Африкадан көшіп келгендер. Ал, ел халқының жалпы саны 16 млн адам. Олардың  басым көпшіліі  өздерінің дәстүрлі  наным-сеніміне бағынады.
 
Дереккөзі: news.ru
нравится:    1050
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии