|    |  
21 қараша 2018
08:53
қаз
Әнші Ринат Малцагов Мәшһүр Жүсіп мешітінде “Астана аруымен” некесін қиды
23 шілде, 10:10 1190
Әнші Ринат Малцагов Мәшһүр Жүсіп мешітінде “Астана аруымен” некесін қиды


22 шілде күні SuperStar KZ отандық жобаның қатысушысы, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Ринат Малцагов Мәшһүр Жүсіп мешітінде некесін қиды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралханның хабарлауынша, әншінің некесі биылғы жылғы мешіт тізімінде 624-ші болып тіркелді.

“Неке қию рәсіміне жас жұбайлардың туған-туысқандары келіп, қуаныштарына ортақтасты. Салтанатты рәсім мешітіміздің неке қию бөлмесінде өтті”,- дейді Оралхан.

Естеріңізге сала кетсек, Ринат Малцагов SuperStar KZ жобасының қатысушысы, “Перцы” тобының бұрынғы солисті болып елге танылды. Сондай-ақ бірқатар отандық сериалға түсіп, әртістік қырынан көрінді.

Ал сері жігіттің қалыңдығы Сабина Қаликапарова “Астана аруы – 2011″ сұлулық байқауының вице-миссі атағына ие болған.

Дереккөзі:nur.kz
Жаңалықтар